
Instagram: @aizhuldyz_adaibekova
Танымал блогер әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі оқырмандарына ашық үндеу жасап, өз ойын айтты.
Айжұлдыз көпшілік орындарда өзін немесе отбасын мазаламауды сұрап, қарапайым мәдениет ережелерін сақтауға шақырды.
«Егер мен баламмен немесе анаммен бірге отырып, мейрамханада ас ішіп отырсам, суретке түсуді өтінбеулеріңізді өтінемін. Бұл — ең қарапайым этикет. Біз де жай ғана адамдармыз. Әрі менің рұқсатымсыз баламды видеоға немесе суретке түсіруге болмайды»,
деді блогер.
Сондай-ақ, блогер оқырмандар арасында жиі айтылатын «біздің арқамызда танымал болдың» деген пікірлерге де жауап қатты.
«Сол күні бір адам үш мәрте келіп, суретке түсуді сұрады. Біз сыпайы түрде бас тарттық: қарнымыз аш еді, көңіл күйіміз болмады, киіміміз де ретсіз болатын. Ол мен келіспегесін ұлымды фотоға түсіре бастады. Бұл — мүлде әдепсіздік. Мен дау шығарып, айғайлайтын адам емеспін. Бірақ бұл — біреуге дөрекілік көрсетуге, мазасыздандыруға немесе орынсыз пікір айтуға болады дегенді білдірмейді. Барлығы өзіңе деген құрметтен басталады.
«Сендер біздің арқамызда блогер болдыңдар» деген сөздерді айтудың қажеті жоқ. Менің кім екенім — тек Алланың жазғаны. Құдайдың орнын алмаңыздар. «Бұл менің арқам» деп көкірегіңді керудің керегі жоқ. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін»,
деді Айжұлдыз.
Фото: Instagram