Қайрат Нұртас қызы

Instagram: @kair_n

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Instagram қолданушыларын таң қалдырды — ол ортаншы қызы Алаумен бірге көңілді би билеп, ел назарын аударды. Видео қыздың парақшасында жарияланды.

Қайрат Нұртастың жанкүйерлері Алаудың би үйірмесіне қатысатынын жақсы біледі. Осы жолы ол әкесімен бірге бейнежазба түсіруді жөн көрген.

«Менің әкем»,

деп жазды Алау.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл биді өте жағымды және көңілді деп бағалады. Көпшілік Қайратқа қызының би шеберлігінен сабақ алуға кеңес берді.

«Қайраттың біз білмейтін қыры көп екен», «Әке қызы үшін не істемейді», «Керемет әке», «Кайратты жаксы көремін. Шынайы, қамқор әке, ақылды жігіт!», «Анасы сияқты сұлу екен», «Мәссаған, Қайрат қызының қатары сияқты, күшті!» – деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Поделиться: