
Instagram: @sss.sabina
Францияның сән мен кино ордасы — Канн қаласында өтіп жатқан әйгілі Канн кинофестиваліне биыл қазақстандық блогер Сабина Мовлаева да қатысты.
Әлемнің әр түкпірінен жиналған танымал актерлер мен режиссерлердің ортасында Сабина жарқырап көрінді.
Блогер қызыл кілемге көлемді, ұзын, ашық сары түсті көйлекпен шықты. Жарқыраған киім үлгісі мен сенімді жүрісі әлеуметтік желілерде бірден назар аударды.
Көпшілікті таңғалдырған тағы бір жайт — оның Голливуд жұлдызы Том Крузбен бірге түскен фотосы болды. Бұл кадр әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, қазақстандық желі қолданушылары Сабинаның батылдығына және әлемдік деңгейдегі шараға қатысуына тәнті болды.
Сабинаның оқырмандары жылы сөздері мен пікірлерін жазды: «Том Круз емес-ау», «Өте сұлу», «Бұл Сабинаның деңгейі, әлемдік арена сөзсіз оның бағыты», «Кереметсің».
Фото: Instagram