«Бақыт тыныштықты жақсы көреді»: Құралай Анарбекова өміріндегі өзгерістер жайлы айтты

от adminPMG
Опубликовано: 19 августа 2025, 16:42

Instagram: @kuralay_corich

Кинопродюсер, актриса Құралай Анарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты пікір білдірді.

«Жаңа кезең. Жаңа өмір. Көп нәрсе өзгерді — тіпті айналам да. Біреулер еш түсіндірместен, кенеттен кетті, ал біреулер дәл уақытында, жұмсақ қадаммен келді. Жаңа адамдар, жаңа мән-мағына пайда болды. Өзгергеніңде, айналадағы дүниенің де қалай өзгеретінін бақылау — қызық сезім. Мен бәрі үшін алғыс айтамын. Әсіресеқазір, қасымда жүргендерге. Кейде барымды бірден бөлісіп, айтып, көрсеткім келеді. Бірақ мен сәл ырымшылмын. Және бақыт пен байлықты тыныштық жақсы көреді деп сенемін. Сондықтан ең маңызды дүние — артық әуресіз, жүректе өмір сүрсін»,

деп жазды Құралай.

Еске сала кетейік, өткен айда Ләйлә Сұлтанқызы Анарбекованың тұрмысқа шыққанын хабарлап, қалыңдықтың ақ көйлектегі суреттерімен бөліскен болатын.

Алайда, актриса қуанышты жаңалықпен бөлісуге асықпайды. Ол жай ғана жүзігін көрсетіп, жұмбақ жазба қалдырды.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше