
Instagram: @bayanmaxatkyzy
Баян Алагөзова отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті — оның кенже қызы Алмаға 9 ай толды. Ол Instagram желісіндегі stories-те өзі үшін ең қымбат жандардың суреттерін жариялады.
Баян Мақсатқызы сәнді көйлек пен туфли киген кенже қызы Алманың суретін көрсетті. Жанында — бенто-торт салынған қорап, тіпті бүлдіршін дәмін татып үлгерген секілді.
«Кеше Алмусен 9 айға толды»,
деп жазды Баян.
Тағы бір фотода продюсердің жары Тұрсын Алагөзов екі қызы — Алма мен Алисаны қолына көтеріп тұр. Бақытты әке жылы жымиды.
Айта кетейік, Баян Алагөзова суррогат ананың көмегімен дүниеге келген қыздарының жүзін әлі күнге дейін көпшілікке көрсеткен жоқ — олардың бетін суреттерде смайликтермен жауып қояды.


Instagram/stories: @bayanmaxatkyzy
Фото: Instagram
Поделиться: