Баян Алагөзова

Instagram: @bayanmaxatkyzy

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова мен оның жары, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов алғаш рет Алма және Алиса есімді қос қыздарымен бірге түскен суреттерін жариялады.

Бұл — егіздердің дүниеге келгенінен бері жүздері смайликпен жабылмай, алғаш рет ашық көрсетілген сәт.

«Балаларды қорғау күнімен! Сіздерді біздің кішкентай қыздарымыз — Алиса мен Алмамен таныстырғым келеді»,

деп жазды Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасына.

Instagram/stories: @bayanmaxatkyzy

Желі қолданушылары байқағандай, Алма әкесіне көбірек ұқсаса, Алиса анасына тартқан.

Бұл ұқсастықты растау үшін Баян мен Тұрсын өздерінің бала кезіндегі суреттерімен де бөлісті.

«Алманың әкесімен таңғаларлық ұқсастығы»

деді Баян.

Instagram/stories: @bayanmaxatkyzy

Желі қолданушылары ата-анасына ізгі тілектерін жазып, қос сәбиге денсаулық тіледі.


Фото: Instagram

Поделиться: