
Басқа адамдардың өмірін қарап отырып, «өмірі қандай рахат» дейтін сәттерің бола ма? Бәлкім қазір біреу сен туралы да дәл солай ойлап отырған шығар. Міне, сенің ерекше өмір сүріп жүргеніңді білдіретін 7 белгі.
1. Өзің табысты деп санайтын өмірді сүріп жүрсің
Қоғам бізге әрдайым өмір сүруді үйретіп жатады: «дұрыс» жұмыс, «дұрыс» уақытта үйлену, «лайықты» жалақы. Бірақ, сен өз жолыңды таңдаған шығарсың: фрилансқа кеткен боларсың, сүйікті ісің арқылы табыс тауып жүрген шығарсың немесе бос уақытыңда аспаздық блог жүргізетін ана болуды таңдаған шығарсың.
Егер өмір салтың сенің ішкі түсінігіңмен сәйкес келсе — сен нағыз еркін адамсың. Өз құндылықтарыңа адал бол, басқаларға ұнауға тырыспа.
2. Сәтсіздіктер сені сындыра алмайды
Өмір ешқашан: «Сен дайынсың ба?» деп сұрамайды. Жұмыстан шығару, ажырасу, сәтсіздік — бәрі күтпеген жерден келеді. Бірақ, нағыз күш сенің сол жағдайларға қалай қарайтыныңнан білінеді.
Егер сен қиындықтардан кейін қайта тұруды білсең, тіпті күле білсең — сен нағыз мықты адамсың. Айналаңдағы адамдар мұны байқап жүреді, сен оларға үлгісің. Өйткені батылдық бәрін өзгертеді.
3. Өзіңе ұнайтын іспен айналысасың
Таңертең оянып, «бүгін жұмыс қызық болады» деп ойлайсың ба? Егер «иә» десең — құттықтаймыз! Сен көп адамның жылдар бойы іздеп таба алмайтын өз ісіңді таптың.
Әрине, кейде шабыт жоғалып, үш шыны кофе де көмектеспейтін күндер болады. Бірақ, жүрегіңнің түкпірінде «мен өз орнымдамын» деген сезім болса — сен жеңдің.

4. Өміріңде жақын достарың бар
Түнгі сағат үште ойыңдағыны жаза алатын адам бар ма? Немесе үнсіз отырғанда да ыңғайсыз болмайтын досың ше? Егер өміріңде кемінде екі сенімді досың болса — сенде барлығы бар деуге болады.
Шынайы достарыңа адал бол.
5. Басқалардың жетістігіне шын қуана аласың
Біреудің табысына қызғанбай, шын жүректен қуана білу — сенің ішкі әлеміңнің мықты екенін білдіреді. Тек өмірің ғана емес, жаның да бай.
Досың жоғары қызметке көтерілді ме? Қуанып тұрсың ба? Көршіңнің жаңа қарым-қатынасына шынайы жанашырсың ба? Бұл тек мейірімділік емес — бұл сенің ішкі әлеміңде молшылық бар екенін көрсетеді. Осы қасиетіңді жоғалтпа — бақытыңның кепілі осы.
6. Жеке дамуға мән бересің
Өзіңді дамыту үшін қанша күш пен уақыт жұмсайтыныңды ойланып көрдің бе? Әр оқыған кітабың, тыңдаған подкастың, жаңа хоббиің — өзіңнің үздік нұсқаңды құрастырудағы кірпіштер.
Маңыздысы — тек ақпарат жинау емес, өміріңді жақсартатын, ой-өрісіңді кеңейтетін нәрселерді таңдай білу. Уақытыңды құр өлтірме, өзіңе инвестиция жаса. Сонда басқалар қызығып қарайтын өмірді өзің қалыптастырасың.
7. Қай кезде тоқтау керек екенін білесің
Күн сайын өмір қарқыны үдей түсуде. Бірақ кейде тоқтай білу, тыныс алу керек екенін түсіну — үлкен өнер.
Егер сен осыны үйренген болсаң, өзгелер сенің сабырлығыңа қызыға қарауы мүмкін. Олар дедлайндардың астында қалғанда, сен өз уақытыңды дұрыс басқарып, өмірдің әр сәтінен ләззат алып жүрсің.
Фото: Pexels
Дереккөз: HEROINE