
Instagram: @erke_esmahan
Танымал әнші Ерке Есмахан отбасымен жоспарлаған тойды кейінге шегергенін айтты. Оған себеп – үшінші сәбиін күтіп жүргені.
«Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады деген – рас.
Биыл жазда үлкен «жыл тойын» жасаймыз деп жоспарлаған едік қой. Онымен бір бөпетай дүниеге келемін деп тапсырыс берген соң, барлық жоспарды өзгерттік. Алла бұйыртса, енді келесі жылы екі еселеп той жасайын деп тұрмыз. Тағы тапсырыс кеп қалмаса»,
деп жазды Ерке.
Осыған дейін Ерке жүктілігінің қалай өтіп жатқанын жазған болатын.
«Осы жүктілігім ұзақ болып жатқан сияқты ма? Әлі жүрмін томпаңдап.
деп бөлісті Есмахан.
Еуропа, Азия, Араб Әмірлігін шарлап келдім, ал бөпемнің шығатын ойы жоқ әлі. Күтейік не де болса.
Барлығыңызға осындай рахат демалыс, шоппинг, жүктілік жұғысты болсын!»,
Фото: Instagram