
Instagram: @akerkeburkitbay
Қазақстандық әнші әрі актриса Ақерке Бүркітбай кішкентай ұлымен түскен жаңа суреттерін әлеуметтік желіге жариялады.
Көбі баланы жұлдызды әжесі Роза Рымбаеваға ұқсатты.
Әнші Әли Оқаповтың жары және Роза Рымбаеваның келіні Ақерке ұлы Зейіннің өсіп қалған сәтін көрсетті. Жарияланған суреттер анасы мен баласы серуенге жиналып жатқан кезде түсірілген.
Кофе түстес жейде, ақ шалбар мен спорттық аяқ киім киген Зейін күннен қорғайтын көзілдірікті киіп тұр. Ал Ақерке сары түсті қысқа көйлек, биік өкшелі аяқ киім және кішкентай ашық түсті сөмке ұстап, киім үлгісіне сәнді көрініс берді.
«Менің жүрегім»,
деп жазды Ақерке.
Суретке алғашқылардың бірі болып Зейіннің әкесі Әли Оқапов екі қызыл жүрек қалдырды. Жұлдызды жұптың әріптестері мен жанкүйерлері де пікірлерін жазды.
«Сәнді балақай», «Шіркін, аяқтарын-ай!», «Ботақан», «Әжесіне ұқсайды», «Дене пішінің керемет», «Ақылды бала», «Өте сәнді», «Зейін нағыз сәнқой», «Әкесінің айнымайды», «Батыр жігіт болып өсіп келеді», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram