
Instagram: @madina.tolepova1
«Жаужүрек мың бала» фильміндегі рөлімен танымал қазақстандық актер Артур Төлепов жақында үшінші рет әке атанбақ. Бұл қуанышты жаңалықты оның жары Мәдина Төлепова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Менде жаңалық осындай»
деп жазды Артур Төлеповтың жұбайы, екі баласымен түскен суретін жариялап.
Табиғат аясындағы пикник кезінде түсірілген фотода оның дөңгеленген ішін байқауға болады.
Әлеуметтік желі қолданушылары бірден жас отбасыны құттықтай бастады. Алғашқылардың бірі болып Артурдың ағасы, «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Асылхан Төлепов пікір қалдырды.
«Жеңеше»
деп жазды Асылхан.
«Аман-есен бөпеңді бауырыңа ал», «Сізді уайымдап жүр едім», «Көз тимесін», «Күшті жаңалық, құтты болсын!», «Маған да жұғысты болсын», «Мен білдім бет жүзіңнен», – деген тілектер жазылды желіде.
Фото: Instagram