
Instagram: @erke_esmahan
Ерке Есмахан жүктілік кезіндегі кезекті әдемі суреттерін жариялап, ішкі сезімімен бөлісті.
«Пейіліңе қарай пейішің! Мен өзімді осы жасымда дәл осындай статуста боламын деп мақсат еттім. Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, жанұямыз. Аллаға сансыз шүкір айтамын!»,
деді Ерке Есмахан.
Әнші қазіргі күйі тоқтаусыз еңбегінің арқасы екенін айтып, оқырмандарына жұғысты болуын тіледі.
«Жүрек тыныштығымен, жан мен тән үйлесімділігін тапқаны ол менің ақ ниетіммен, көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі деп білемін. Менің өмірімдегі барлық ғажайыптар сіздерге де жұғысты болсын. Осындай жүрекжарды пост жазғым келді. Соған қарағанда іңгәләп бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау»,
деп түйіндеді.
Фото: Instagram