
Қазақстандық актриса Айым Сейтметова әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаянының түсірілім алаңынан кадрлар жариялады. Айым бұл жобаға ата-анасымен бірге қатысқан.
«Тау ішінде. Жақында»,
деп жазды актриса Instagram парақшасында.
Жарияланған суреттерден Айымның Димашпен бірге кадрда тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, бейнебаянда оның анасы – танымал актриса Данагүл Темірсұлтанова және әкесі, актер Азат Сейтметов те бой көрсеткен.
«Бөліскендеріңізге рақмет, клиптің шығуын асыға күтеміз», «Айым үшін қуаныштымын», «Қазақстан жастары қандай көркем, ата-аналары да сондай әдемі», «Сәттілік! Сізді таңдағаны дұрыс болған екен», – деп жазды Айымның оқырмандары.
Айта кетейік, жуырда Димаш өзінің жаңа бейнебаянының тұсаукесері жақындап қалғанын мәлімдеген болатын. Жобаның режиссері – Ғалым Асылов.
Әнші 26 мамырда Алматыда өтетін фан-кездесу қарсаңында бейнебаян өз көрерменін табатынын айтты. Димаш бұл жобаны тыңдармандарына арналған әзілге толы ерекше сый деп атады.
«Премьера Алматыдағы фан-кездесуге дейін! 26 мамырда Almaty Arena-да осы әнді бәріміз бірге орындайық»,
деді ол.
Фото: Instagram