
Pexels: Nataliya Vaitkevich
Ай фазалары шаштың өсуі мен саулығына әсер етеді деп сенесің бе? Егер иә десең, 2025 жылдың маусым айында шаштаразға бару үшін ең сәтті күндерді таңдауға көмектесетін ай күнтізбесінің кеңестеріне құлақ түр.
Кейде шаш қидырған соң, тез өсіп, қалыңдай түсетінін байқайсың, ал кейде керісінше — әлсіз, сынғыш әрі икемсіз болып кетеді. Бұл тек шаштараздың шеберлігіне ғана емес, Ай фазаларына да байланысты болуы мүмкін!
2025 жылдың маусым айында шаштың ұшын қиюға қолайлы күндер
Егер сен сау әрі мықты шашты армандайтын болсаң, Ай кішірейіп жатқан кезеңде шаш қидыруға тырыс. Бұл уақытта шаш ұштарын қию — екіге айырылған ұштардан арылып, шаштың түбін күшейтуге көмектеседі. Маусым айында мұндай күндер — 12, 13, 18 және 30 маусым. Бұл күндері шашың жылтыр, күтімі жақсы болып көрінеді, ал құрылымы тығыз әрі сау болады.
2025 жылдың маусым айында қысқа шаш үлгісіне ауысуға қолайлы күндер
Келбетіңді түбегейлі өзгерткің келе ме? Онда Ай өсіп жатқан күндерді таңда — дәл осы кезеңде шаш жаңа қалыпқа тез бейімделіп, белсенді түрде өседі. Қысқа шаш үлгісін ойланбай таңдауға болатын күндер: 3, 4, 5, 6 және 12 маусым. Бұл күндері ұзындықпен батыл тәжірибе жасап көр — шашың сау әрі берік өсетін болады.
2025 жылдың маусым айында шашпен тәжірибе жасауға қолайлы күндер
Жаңа түс, ерекше сәндеу немесе химиялық бұйралау секілді үлкен өзгерістерді бұрыннан армандап жүрсең, Ай Арыстан немесе Таразы белгілерінде тұрған сәттерді таңда. Бұл белгілер шашқа табиғи жылтыр мен әсемдік береді. Маусым айындағы ең қолайлы күндер: 8, 14, 15 және 20 маусым. Осы күндері жаңа бояу техникасын немесе сәндеудің тың түрлерін жасап көруге болады.
2025 жылдың маусым айындағы шаш қиюға қолайсыз күндер
Сұлулық салонына баруға әр күн бірдей сәйкес келе бермейді. 2025 жылдың маусым айында шаш қиюдан 1, 2 маусым күндері аулақ бол — бұл кезде Ай кішірейіп бара жатыр және шаштың өсуін баяулатуы мүмкін. Сондай-ақ 11, 16, 25 және 26 маусым күндері кез келген шаштараздық процедураларға қолайсыз. Бұл күндері шаш сынғыш болып, қию нәтижесі көңілден шықпауы мүмкін.
Мұндай күндері сән салонына бармаған дұрыс. Оның орнына үй жағдайында күтім жаса: шашқа маска қолданып, өз қолыңмен өріп немесе түйіп қойсаң болады. Немесе мүлде шаш туралы ойламай, күнделікті шаруалармен айналысқаның абзал.
Фото: Pexels
Дереккөз: TheGirl