Ақбота-Нұр «Кеш YOU»

Instagram: @akbotanurabaykyzy

Отандық әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет «Кеш YOU» тобынан неге кеткенін айтты. Бұл тақырыпқа қатысты сұраққа ару «The DS’ Show» бағдарламасында алғаш рет жауап берді. 

«Мұндай ақпаратты көп жерде айта бермеймін. «Кеш YOU» тобымен 7 жылдық келісімшарт болған. Бірақ, пешенеме жазылған тағдырыма байланысты 2 жыл ғана жұмыс істедім. Уақыт өте келе өзімнің сүйіктімді киноға түсіп жүргенімде жолықтырдым. Қазір 8 жасар ұлым, 6 жасар қызым бар»,

деді әнші.

Келісімшартті бұзғаны үшін айыппұлды әншінің экс-жолдасы, актер Дәурен Айдарқұлов төлегенін айтты.

«Тұрмысқа шығамын деп топтан кеттім. Жалпы тұрмыс құруым, бір жағынан балалық болды ма, шалалық болды ма, адам болған соң бастан түрлі жағдай өтеді екен. Экс-күйеуім келісімшартта көрсетілген айыппұлды төлеуіне тура келді»

деп есіне алды әнші.

Фото: Instagram

Дереккөз: «The DS’ Show» YouTube арнасы

Поделиться: