Айым Сейтметова Димаштың бейнеклипі

Instagram: @aiymsm

Жақында ғана Димаш Құдайберген «Тау ішінде» әніне түсірілген жаңа бейнебаянын ұсынды. Онда Айым Сейтметова мен оның ата-анасы – актерлер Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейтметов те бой көрсетті.

Айым түсірілім барысы туралы баяндап берді.

Қазақ әдебиетінің классигі, ақын әрі жазушы Сәкен Сейфуллиннің сөзіне жазылған «Тау iшiнде» әніне түсірілген бейнеклип YouTube желісінде жарияланып, 15 сағат ішінде 180 мыңнан астам қаралым жинады.

Айым Сейтметова бұған дейін бейнеклип барысында түсірілген кадрлармен бөліскен еді, ал қазір үш күнге созылған түсірілімнің қалай өткенін айтып берді. Бірінші күні түсірілім супермаркетте басталған.

«Түсірілім ең қарқынды сахналардан басталды, бірден жұмысқа кірісіп кеттік. Таңғы 10-нан кешкі 5-ке дейін демалмастан түсірдік. Кішкене тамақтанып, келесі локацияға бет алдық. Бетімді әрең түзеп үлгеріп, қайта кадрға түстім. Сыртта салқын болды, барынша жылынуға тырыстық. Сол сәтте маған бишілермен бірге билейтінімді айтып таңқалдырды.

Хореографияны небәрі 15 минутта жаттап алдым. Қалай шыққаны белгілі… Димаштікі сөзсіз жақсырақ болды»,

деп күлді Айым.

Актрисаның айтуынша, екінші күні түсірілімге оның ата-анасы қосылған. Айымның шаш үлгісі өзгеріп, тура сол жерде шашын жууға тура келген. Түсірілім түнгі 3-ке дейін жалғасыпты.

«Үшінші, яғни соңғы күн: макияж, биді қайталау, бір шыны кофе, көтеріңкі көңіл-күймен қайта кадрда болдық. Сол би сахнасын түсірдік. Бұл түсірілім — нағыз шытырманға толы оқиға болды. Көңілді, мазмұнды, әрі өте жылы естелік болып қалды»,

деді Айым Сейтметова.

Фото: Instagram

Поделиться: