Айсәуле Бақытбек

Instagram: @aissaulebakytbek

Блогер Айсәуле Бақытбек анасы мен сіңлісіне пранк жасады. Ол көңілді әңгімені Instagram парақшасына жариялады.

Алдымен Айсәуле Айаруға қоңырау шалып, маммопластика жасатқысы келетінін айтты. Бірақ, бұған сіңлісі таң қалмады.

Содан кейін блогер анасы Баян Алагөзоваға өз бұйымтайымен хабарласты.

«Бүгін үйде боласың ба? Балаларымды саған тастап кетейін деп едім. Қыдырғым келіп тұр. Үш жылда алғаш рет өтініш айтып тұрмын»,

деді Айсәуле.

Алайда, Баян Алагөзова жиендерін қараудан бірден бас тартты. 

«Бала күтушісіне қалдыр, маған емес! Ақыл-есің дұрыс па, қызым? Олар ұйықтамайды, айғайлайды. Бұл үйді білмейді ғой. Мені де танымайды. Жоқ, жоқ, жоқ. Балаларыңа жауапкершілік ала алмаймын. Сабыр сақта»,

деді продюсер.

Ерекше форматтағы Бақытбектің видеосы оқырмандарына ұнаған сияқты.

«Өзің тудың өзің қара деді ғой», «Күшті, шынайы бәрі. Олар мені танымайды дегені өтті енді», «Қызының өміріне араласпайтыны көрініп тұр», «Менде осындай әже боламын», «Жеке шекараны Баян Мақсатқызы ойлап тапқан», – деп жазды желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Поделиться: