Айжұлдыз Сәкен

Instagram: @aizhuldyz_adaibekova/@saken_kagarov

Қазақстандық актриса және дизайнер Айжұлдыз Адайбекова мен экстрим-блогер Сәкен Кағаров енді заңды ерлі-зайыптылар.

Жас жұп Instagram-да неке қию туралы куәлігі бар фотосуретті жариялады.

Қаңтар айында Сәкен мен Айжұлдыз мұсылман дәстүрі бойынша ақ некелерін қиды. Енді жастар ресми түрде бір-біріне күйеуі мен әйелі болды.

«Жаңа қадамның басы»,

деп жазды олар.

Әлеуметтік желі қолданушылары, оның ішінде жас жұбайлардың әріптестері оларды ресми некелерімен құттықтады.

«Бақытты, берік отбасы болыңдар!», «Құтты болсын. Шаңырақтарыңыз биік, босағаңыз берік болсын!», «Екі жанда махаббатқа лайықты!», «Махабаттарың баянды болсын», «Ұзағынан болсын, сендер үшін қуаныштымыз», «Құтты, берекелі неке болсын», — деп жазды екі жастың оқырмандары.


Фото: Instagram

Поделиться: