Айжұлдыз Адайбекова

Instagram: @aizhuldyz_adaibekova

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова «сырғалым» атанды.

Сырға салу мен құдалық рәсімі қатар өтті. Бұл күні түсірілген видеожазбаларды ару Instagram парақшасына жүктеді.

Күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың отбасымен танысуға келіп, сый-кәделерін беріп, болашақ келінге сырға салды. Кәмпиттен шашу шашылып, мол дастархан жайылып, күлкі мен жылы тілектерге толы бұл күні екі отбасы құда-жекжат атанды.

Жаңа құдаларды қарсы алып, Жанар Айжанова шапан кигізді. Және қызы мен күйеу баласына ізгі тілегін айтты.

«Бір жастықта қартайыңдар, Алла тіл-көзден сақтасын. Үбірлі-шүбірлі болыңдар, ұстасқан қолдарын ажырамасын, бақытты болыңдар»,

деді Айжұлдыздың анасы.

Айта кетейік, Айжұлдыз бен сүйіктісі экстрим-блогер Сәкен Қағаров өткен аптада заңды некелерін қиған болатын. Жанар Айжанованың айтуынша, той кейіндеу өтетін көрінеді. 

«Күйеу баланың анасы дүниеден өтіп, сондай жағдай болып жатыр. Той күні әлі белгіленген жоқ. Осы күнге дейін балалардың тірлігіне араласқан емеспін. Бәрін өздері шешеді. Екеуінің де жасы 30-дан асты. Оқыған, көзі ашық ересек адамдар. Табыстары да бар. Өз ісінің мамандары. Клубта қаңғырып жүрген жоқ. Күйеу балам Сәкенге де ақырындап бауыр басып келемін»,

деген еді әнші.

Instagram: @aizhuldyz_adaibekova


Фото: Instagram

Поделиться: