Айжұлдыз Адайбекова ерекше қызойнақ өткізді

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:29

Instagram: @aizhuldyz_adaibekova

Үйлену тойына дайындалып жатқан Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова табиғат аясында қызойнақ өткізді.

Тау, жасыл желектер, таза ауа, ертегідегідей үйлер, жақын құрбылар, түрлі дәм-татым, көңілді ойындар, күлімсіреген жүздер мен көтеріңкі көңіл-күй –  бұл күннің әр сәті ерекше болды.

Айта кетейік, жақында экстрим-блогер Сәкен Кағаровпен заңды некесін ресми түрде тіркеген Айжұлдыз Адайбекованың қызойнақ кеші сәтті өтті.

«Бұл ең үздік қызойнақ кеші болды»,

деп жазды Айжұлдыз.

Instagram/stories: @aizhuldyz_adaibekova

Суретте қалыңдықтың пен құрбыларының жылы және ыңғайлы киініп алғанын байқауға болады. Алайда оның образының ажырамас бөлігі — ақ фата болды.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова осы жылдың басында мұсылман дәстүрі бойынша тұрмысқа шықты.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше