
Instagram: @aizhuldyz_adaibekova
Мамыр айында үлкен тойларын өткізген отандық танымал жұп Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров жуырда сәбилі болмақ.
Қуанышты жаңалықпен жас жұбайлар Instagram парақшаларында бөлісті.
«Біз сені күтеміз, балақай»,
деп жазды олар.
Айжұлдыз оқырмандарына жүктілігі қалай өтіп жатқаны жайлы айтты. Блогер бастапты төрт ай қатты таксикоз болғанын жеткізді.
«4 айға дейін менде қатты токсикоз болды әрі гормон деңгейім жоғары еді. Өте қиын болды — тек шыдап жүрдім, бірақ жұмысым арқылы көңілімді бөлгім келетін. Тек кептірілген нан жедім, мұз қосылған газдалған су ішіп, жай ғана медитация жасадым. Кей кездері қытай лапшасын жей алатынмын»,
деді Адайбекова.
Сонымен қатар, Айжұлдыз жүктілік кезінде көп кітап оқып, пайдалы подкасттар тыңдап, медитация жасап, тыныштықта уақыт өткізуге тырысқан. Сәкен екеуі сәбидің жынысын біледі және оны жақын арада көпшілікпен бөлісетіндерін айтты.


Instagram/stories: @aizhuldyz_adaibekova
Фото: Instagram